Француздар да Қазақстаннан экспортталған жылқы етін жейтін болды

Француздар да Қазақстаннан экспортталған жылқы етін жейтін болды mir24.tv
bai-bol.kz bai-bol.kz | 22 қазан, 2024

Danonе компаниясы йогурт өндіру үшін тек қазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланады

Биылғы 8 айда Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды қамтыды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогенің кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

2024 жылдың 8 айында елдер арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды қамтыды. Оның ішінде ҚР-дан Францияға рапс тұқымдарының экспортын ұлғайту есебінен 6 есеге жуық өсті, - деп жазылған хабарламада.

Кездесу барысында ұсақ мал экспортына қойылатын ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Synetics және «Асыл-Түлік» АҚ іске асыратын ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру және француз тұқымының көмегімен қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қаралды.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Danonе компаниясының қуатын арттыру және Limagrain компаниясының тұқым өндірісін Қазақстан аумағында оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Жыл сайын Danone зауытында жалпы көлемі 18 мың тонна жоғары технологиялық ашытылған сүт өнімдерінің 50-ден аса атауы өндіріледі. Оның 40%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын йогурт өндіру үшін тек қазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланады.

2025 жылы 730 млн теңгеге қосымша желі орнату жоспарланып отыр.

Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды тақырыптардың біріне айналды. Еске сала кетсек, қазан айының басында Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында «Қайып Ата» және Pegase BVS компаниялары арасында жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Бүгінде шаруа және фермерлік қожалықтар Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін Жапонияға да жылқы етін экспорттауға мүмкіндік алғанымызды жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақ жігіті бельгиялықтарды қазы жеуге үйретіп тастаған.