Ауыл шаруашылығы министрі «хит жүзімді» тексерістен өткізетіндерін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі «хит жүзімді» тексерістен өткізетіндерін айтты cool-readers.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 қараша, 2024

Шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар

Желіде қазақстандықтар арасында «шайн мускат» жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді.

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуға тиіс.

Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған 9 жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша, бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады, – деді министр.

Сондай-ақ ол аталған жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін алға тартты.

Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. «Корей жүзімдерін» тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса, құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жерасты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін, – деді Айдарбек Сапаров.