«Футболшылар пицца тасып кетті»: «Ақжайық» командасы 10 айдан бері жалақы алмаған
Мықты жаттықтырушылары таксист болып жүр
«Ақжайық» футбол командасы 10 айдан бері жалақы алмаған. Футболшылардың бұл ахуалын журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасына жазды.
Жалақы алмаған жастар президентке үндеу жолдаған. Бірақ олар үндеудің жолданғанына 4 ай өтсе де ешқандай шара қолданылмағанына наразы.
«Ақжайық» футбол клубы атынан үндеу жолдағымыз келіп отыр. Бұл клубтағы футболшылар, бапкерлер қаңтар айынан бері жалақы ала алмай келеді. Бұл жерде қаншама жастар жаттығып жатыр. Соған қарамастан бапкерлер айлығын алмады. Сондықтан бізге көңіл бөлуді сұраймыз, - дейді футболшылар.
Сондай-ақ Гүлмира Әбіқай мықты жаттықтыушылардың такси жүргізіп жүргенін айтты.
Футболшылар пицца тасып кетті. Мықты жаттықтырушылар таксист болып жүр. БҚО-ның маңдайалды мақтанышы «Ақжайық» футбол командасының күйі – осы. Жігіттердың жалақы алмағанына 10 ай болды. Мына үндеу 5 ай бұрын жолданған. Одан бері тағы 4 ай өтті. Түк өзгеріс жоқ, - дейді журналист.