Миллиардер 6,2 млн долларға сатып алған бананын жеп қойды (ВИДЕО)
Бұл туынды алғаш рет 2019 жылы Майами-Бичтегі Art Basel көрмесіне қойылған
Қытайлық криптокәсіпкер Джастин Сан аукционнан 6 миллион долларға скточпен қабырғаға жапсырылған бананды сатып алған болатын. Comedian деп аталатын ол концептуалды өнер туындысының авторы – италиялық суретші Маурицио Каттелан.
TRON криптовалюта платформасының негізін қалаушы Джастин Сан бананды сатып алғаннан кейін «бірегей көркем тәжірибенің» бөлігі ретінде жеуге ниетті екенін жариялады.
Мен банан үшін 6 миллион доллар төлеймін деп ешқашан ойламаппын, - деп әзілдеді ол.
Көп ұзамай, миллиардер уәдесін орындап, жемісті қабырғадан алып, жеп қойған.
Comedian туындысы алғаш рет 2019 жылы Майами-Бичтегі Art Basel көрмесіне қойылған-ды. Сол кезде көрермендер арасында «Бұл шынайы өнер ме, әлде жай әзіл ме?» деген пікірталас туындаған.
Айта кетсек, Джастин Сан алғашқы ірі табысын Snapchat-тың қытайлық баламасы Peiwo қосымшасынан тапқан. 2014 жылы криптоқауымдастыққа қосылып, содан бері блокчейн жобаларымен айналысып келеді.