Депутат картадан картаға ақша аударуға комиссия ұстаудың халықты қанау екенін ескертті

Депутат картадан картаға ақша аударуға комиссия ұстаудың халықты қанау екенін ескертті bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 қараша, 2024

Мұндай өзгерістер қаржы жүйесіне деген сенімімізді төмендетеді, - дейді ол

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасындағы бір өзгерісті сынға алды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Бұл ретте депутат бір картадан екінші картаға ақша аударсаңыз, комиссияның 150 теңгені қамтитынын еске салды. Бірақ егер Салық кодексінің жаңа жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12% қымбаттауы мүмкін.

Яғни, Ұлттық экономика министрлігі барлық төлем операцияларына қосымша құн салығын енгізуді жоспарлап отыр. Пластикалық карталарға қызмет көрсету, картадан картаға, шоттан шотқа аудару, аударымдар мен банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ықтимал.

Министрлік банктер бұл шығындарды өздері жабады деп мәлімдеді. Бірақ шынын айтайық, бұл – аңыз. Банктер шығындарды клиенттерге аудару мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмайды. Бұл қайырымдылық емес. Ең таңқаларлығы, Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті «Атамекен» де бұл нормаға қарсы. Алайда ҰЭМ кодекс жобасына оны бәрібір енгізді. Мұндай өзгерістер біздің шығындарымызды арттырып қана қоймай, қаржы жүйесіне деген сенімімізді төмендетеді. Бұл бастама барлығына әсер етеді. Біз осы норманы өзгерту үшін түзетулер ұсындық, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бюджет тапшылығы проблемасын төмендегіше шешу қажет:

  • басым емес шығыстарды қысқарту;
  • бюджетті неғұрлым ұтымды пайдалану;
  • үстеме табыс алатын салалар үшін жеңілдіктерді жою;
  • салықтарды арттыру.