Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер етпейді - Сүлейменов

Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер етпейді - Сүлейменов bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 қараша, 2024

Нарықты реттемейміз, - деп отыр Ұлттық банк төрағасы

Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндіріп берді.

Журналистерге берген жауабында ол доллар бағамының өсуі азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етпейді деп сендірді.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен фермерлер біріге отырып, ішкі ұсынысты арттырды. Сол себепті азық-түлік бағасы айтарлықтай өзгереді деп ойламаймын, - деп нақтылады сөзін Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ ол нарықта «ойыншы» ретінде әрекет етіп, Ұлттық қордан трансферттер сататындарын алға тартты.

Нарықты реттемейміз. Тек оны интервенциялар арқылы «тыныштандыруға» тырысамыз, - деді Тимур Сүлейменов.