Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін несие қымбаттайды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 30 қараша, 2024
Бизнес баяу дамиды, жаңа кәсіп ашу қиынырақ
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,25%-ға дейін көтерді. Оған бірнеше себеп бар. Соның ішінде теңгенің әлсіреуі бірінші орында тұр.
Ал осы базалық мөлшерлеменің көтерілуі дегеннің неге алып келуі мүмкін?
Сарапшылардың дәлелі:
- несие қымбаттайды;
- депозит бойынша сыйақы өседі;
- коммерциялық ипотека өсіп, несие беру азаяды;
- бизнес аз несие алып, іскерлік белсенділік төмендейді;
- бизнес баяу дамиды, жаңа кәсіп ашу қиынырақ.
Қазірдің өзінде елімізде шағын және орта бизнес құру мүмкіндігі төмендеп, несиелік белсенділік пен тұтынудың да әлсіздігіне байланысты экономика баяулап қалған.