«Ұлттық қор – балаларға»: келесі жылғы төлем 100 доллардан асады

«Ұлттық қор – балаларға»: келесі жылғы төлем 100 доллардан асады bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 қараша, 2024

Нақты сома қаңтарда балалардың санына байланысты болады

2025 жылдың басында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толмаған балалардың шотына 100 доллардан артық ақша түседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті.

Биылғы 10 ай ішінде Ұлттық банк Ұлттық қорды басқарудан 5,3 млрд доллар пайда тапқан.

Естеріңізде болса, былтыр әр балаға шамамен 100 доллар аударған едік. Бірақ 2023-2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте позитивті жыл болды. Сол себепті келесі жылдың қаңтарында балалар арасында бөлінетін сома 100 доллардан көп болуы мүмкін, - деді Әлия Молдабекова Ұлтттық банкте өткен брифингте.

Бұл ретте ол нақты сома балалардың санына байланысты болатынын атап өтті. Ал олардың шотына кезекті төлем қаңтар айының басында аударылады.