Жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ 437 млн теңге пайда көрген (ВИДЕО)

Жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ 437 млн теңге пайда көрген (ВИДЕО) market.yandex.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 28 қараша, 2024

Олардан 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді

Түркістан облысында полицейлер қиыршық тасты заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Полицейлер Түркістан облысының Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының әрекетін тоқтатты.

Атап айтқанда, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңге болған.

Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеген. ІІМ мәліметінше, қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.