Қазақстандық актер 4 500 доза есірткімен ұсталды
Ол бірқатар қазақ телехикаяларында эпизодтық рөлдерді сомдаған
Желіде Көкшетау қаласында актер Мәди Жолбасаровтың синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Тінту кезінде одан 4 500 доза тәркіленген.
Аталған ақпаратқа қатысты Stan.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінен жағдайдың мән-жайын сұрап білген.
Полицейлер есірткіні байланыссыз сатты деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған азаматтың жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1,5 келі болатын электронды таразылар, орау жабдықтары және синтетикалық есірткі – мефедрон және alfa-PVP тәркіленді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ күдіктінің телефонын тексеру кезінде бетбелгі сайттарының координаттары анықталған.
Бұл күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің ауқымын көрсетеді. Соның салдарынан ол 4 500 доза есірткі затын сата алмаған. Ұсталған азамат есірткі тасымалымен қатар, шығармашылықпен де айналысқан. Ол бірқатар қазақ телехикаяларында эпизодтық рөлдерді сомдаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.