Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді - Жазира Байырбекова

Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді - Жазира Байырбекова instagram.com/zhazira_bairbekova
bai-bol.kz bai-bol.kz | 25 қараша, 2024

45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рахатын енді көре бастаған сияқтымын, - дейді ол

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Айнұр Ілиясованың «Мамский әңгіме» жобасына берген сұқбатында 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрған кездерін еске алды.

Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. «Жанболат пен Жазираға мал бақтыратын шығармыз» деді. Үлкендер не айтса, сол болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім, - дейді әнші.

Айтуынша, өмірдің рахатын жастық шағында көре алмаған ол 45 жастан асқанда бір-ақ сезінген.

Қазбек мектепте оқып жүргенде «Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан «мұндай жерде тұрмас едім деп айтуға болмайды» деймін. Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, «сенің өмірің мынау» деп көрсеткендей болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рахатын енді көре бастаған сияқтымын, - дейді Жазира Байырбекова.