«Қазақстанда жасалған» белгісін импорттық тауарларға жапсырып жүргендер бар

«Қазақстанда жасалған» белгісін импорттық тауарларға жапсырып жүргендер бар egemen.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 қараша, 2024

Мәселені шешу үшін Үкімет отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеп жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес форумында Үкіметтен мемлекеттік қолдау алып, бірақ  өндіріспен нақты айналыспай отырған компаниялармен қалай күресуді жоспарлап отырғанын айтты.

Біз барлығымыз толық мемлекеттік қолдауға ие, соның ішінде реттелетін сатып алуларға басымдықпен қатысу мүмкіндігін алған жалған өндірушілерді білеміз. Олар тіпті өндірісті дамытуға қаржы да салмайды, тек импорттық тауарларға «Қазақстанда жасалған» белгісін жапсырумен айналысады, - деді Үкімет басшысы.

Мәселені шешу үшін Үкімет отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін әзірлеп жатыр. Мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адам факторын жою. Бұдан былай компаниялар қызметіне ашық талдау жасау және нақты өндірушілерді анықтау қолға алынады.

Компаниялар қызметін өте ашық түрде талдап, нақты өндірушілерді анықтау үшін цифрландыруды барынша пайдаланып жатырмыз. Олар содан кейін ғана мемлекет тарапынан толық қолдау мен қорғауға ие болады, - деп нақтылады сөзін премьер-министр.

Сонымен қатар, ол 10 триллион теңгеден аса инвестиция тартуды көздейтін энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын жариялады. Айтуынша, бұл отандық тауар өндірушілерге үлкен мүмкіндік ашып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды барынша пайдалануды қамтамасыз етеді.