«Титаник» капитанының сағаты қымбатқа сатылды
Pinterest
bai-bol.kz | 18 қараша, 2024
Ол 18 карат алтыннан жасалған
Апатқа ұшыраған «Титаниктен» 700 адамды құтқарған капитан Артур Ростронға сыйға тартылған алтын қалта сағаты аукционда 2 миллион долларға жуық бағаға сатылды. Бұл – кеме апатынан қалған естеліктер бойынша рекорд.
Жалпы, ол сағат 18 карат алтыннан жасалған.
Еске сала кетсек, «Титаник» 1912 жылы сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Солтүстік Атлант мұхитына батып, салдарынан 1,5 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 712 жолаушы мен экипаж мүшесі құтқарылды.