Туабітті көз ауруына шалдыққан жігіт миллиондап табыс тауып жүр (ВИДЕО)

Туабітті көз ауруына шалдыққан жігіт миллиондап табыс тауып жүр (ВИДЕО) видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 14 қараша, 2024

Қазір ол ЖОО-да журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр

Туабітті көз ауруына шалдыққан шымкенттік 22 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы миллиондап табыс тауып жүр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Бекжан Нұрадин видеохостингке контент жасайды. Тіпті танымал арналарға техникалық қолдау көрсетеді. Елге белгілі әншілердің интернеттегі парақшаларын жүргізіп, кинокомпаниялардың өнімдеріне қаралым жинауға көмектеседі. Сонымен қатар өз білгенін өзгелермен бөлісіп, тренингтер ұйымдастырады.

Зағип болса да заман сұранысына бейімделген жас маман қазір жоғары оқу орнында журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Келешекте өзі сияқты тағдыр тауқыметін тартқан жандардың жігерін жанитын арнайы репортаждар мен көркем фильмдер түсіргісі келеді.

Монетизацияны өшіріп тастады немесе арнам блогқа кетті деген сияқты техникалық жағдайларға қолдау көрсетемін. Ал үшіншісі – консультация беремін. Қазір соңғы 1-2 айда маған сахнада спикер болуға, спич айтуға сұраныстар түсіп жатыр. Соның арқасында тағы да төртінші табыс көзі ретінде аудиторияда өзімнің білімімді бөлісіп, сабақтар өтіп жатырмын, - дейді әлеуметтік желі сарапшысы Бекжан Нұрадин.