Трамптың арқасында Илон Масктың байлығы 300 млрд доллардан асты

Трамптың арқасында Илон Масктың байлығы 300 млрд доллардан асты REUTERS/Brian Snyder
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 қараша, 2024

Трамп оған өзі президент болып сайланса, ресми қызмет беретінін де уәде еткен

Дәл осы Трамптың арқасындаTesla-ның нарықтағы қаржысы 1 триллион долларға жетті, деп хабарлады Forbes басылымы.

АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысына сәйкес, Tesla акцияларының өсуінен Илон Масктың байлығы 2 жылдан бері алғаш рет 300 миллиард доллардан асып отыр.

8 қараша, жұма күнгі сауда кезінде Tesla акцияларының бағасы 6%-дан аса өсіп, шамамен 330 доллар болды. Бұл компанияның бір акциясы 2022 жылдың қыркүйегінен бері 300 доллардан жоғары бағаланып тұрғанын білдіреді. Tesla қазір нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі 9-шы ірі компания.

Бір күнде Tesla акцияларының өсуінің арқасында Илон Маск 10 миллиард долларға байыды. Ал қазір оның байлығы өзінің ең жақын бәсекелесі, Oracle бас директоры Ларри Эллисонның байлығынан 70 миллиардқа артық.

Еске сала кетсек, Илон Маск Дональд Трамптың сайлау науқанын белсенді жүргізген болатын. Трамп сонда оған өзі президент болып сайланса, ресми қызмет беретінін уәде етті. 

Жалпы алғанда, сайлау науқаны аясында Илон Маск республикашылардың шығындарына 130 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған. Сонымен қатар ол өзінің X платформасында Дональд Трампты ашық қолдады.