Елімізде жұрттың тамаққа айына қанша теңге жұмсайтыны белгілі болды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 26 қазан, 2024
10%-ы 150-200 мың теңгесін айлық азығына арнайды
Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан аса тұрғынның 27%-ы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген.
Бұл ретте сарапшылар Қазақстан халқы жалпы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды деген қорытындыға келіп отыр.
Сауалнамаға қатысқандардың 30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан. Ал әрбір бесінші тұрғын, яғни 17%-ы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі екен.
Тағы 12%-ы 75 мыңға дейін, қалған 10%-ы 150-200 мың теңгесін айлық азығына арнайтын болып шықты.