Яндекс-таксидің бағасы неге қымбат? - компания басшысы жауап берді

Яндекс-таксидің бағасы неге қымбат? - компания басшысы жауап берді Наталья Селиверстова
bai-bol.kz bai-bol.kz | 23 қазан, 2024

Компания динамикалық баға жүйесін қолданады

Яндекс Go компаниясы Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Тайыр Байдүйсен такси бағасына қатысты сынға жауап берді.

Kursiv Ecosystems Forum-2024 форумында компания басшысы такси бағасының неліктен үштен біріне қымбаттап кеткені және бағаның қашан арзандайтыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл ретте ол такси бағасының мұндай өсу қарқынын жоққа шығарып, компанияның динамикалық баға жүйесін қолданатынын атап өтті.

Компания басшысының айтуынша, динамикалық баға жүйесі мына екі мәселені шешеді:

  • сұраныстың белгілі бір бөлігін қысқартады;
  • тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін желіге көбірек жүргізуші тартады.

Сондай-ақ ол компанияның бағаны қымбаттату арқылы артық табыс таппайтынын алға тартып отыр.

Біз 2 еселенген такси бағасынан ақша таппаймыз. Бұл – нарыққа тұрақтылық пен тұтынушының табыстан маңыздырақ екендігі туралы белгі. Біз сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысамыз, - деді Тайыр Байдүйсен.