Жұлдыз Өмірғали тойдағы образына қанша ақша жұмсағанын айтты
Арнайы гауһар тастарымен таңдалған неке жүзігі – 600 мың теңге
Өткен аптада 9 жылдан кейін үйлену тойын дүркіретіп өткізген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали өз образдарына қанша қаржы жұмсағанын айтты.
Жұлдыз Өмірғали, тіпті, көптен күткен тойына бір емес, екі қалыңдық көйлегін киген. Олардың өзін белгілі қазақстандық дизайнерге арнайы тіктірткен. Айтуынша, той көйлегіне 2 млн теңгеден көп ақша жұмсапты.
Тойға екі көйлек дайындадым. Менің идеямды қолдаған «Аруназ» сән үйінің қыздарына алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес. 2 миллион теңгеден асады. Неке жүзігін де арнайы гауһар тастарымен таңдадым. 9 жыл бұрын неке жүзігін де тақтым. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті де тағып алдым. Оның бағасы – 600 мың теңге. Бізде бал айы емес, бал аптасы болады. Бір аптадан кейін Дубай қаласына ұшамыз, - деді Жұлдыз Өмірғали.
Оған қоса, Айқын Төлепберген де әйелінен қалыспай, той күні киген образын танымал дизайнерге сеніп тапсырғанын айтты.
Менің киімдерімді дизайнер Аида Кауменова дайындады. Өзіме өте қатты ұнады. Көп күйеужігіт кие бермейтін басқаша образ болды. Қызыл түсті де дизайнердің өзі ұсынды. Жұлдызға берген уәдемді орындадым. Бірінші отбасымды тастамаймын, - деді әнші Revue News бағдарламасында.