«Қолмен тігілген шапан сыйлады»: Илон Масктың анасы Алматыдан еліне разы болып қайтты

«Қолмен тігілген шапан сыйлады»: Илон Масктың анасы Алматыдан еліне разы болып қайтты видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 21 қазан, 2024

Бизнес форумға спикер болып қатысқаныма қуаныштымын, - дейді ол

Танымал инженер, миллиардер Илон Масктың анасы – модель, диетолог, 76 жастағы Мэй Маск Алматыға келіп, бизнес форумнан алған әсерін бөлісті.

Еске сала кетсек, әйгілі модель Орталық Азия әйелдерінің форумына арнайы шақырылған болатын.

Бизнес форумға спикер болып қатысқаныма қуаныштымын. Арнайы шақырған ұйымдастырушы ханымдарға рахмет! Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым. Қолмен тігілген әдемі шапан сыйлады. Сұлулық пен табысқа қатысты кеңесімді бердім, – дейді Мэй Маск.

Бұл ретте Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Асылған жылқы етін жеп, тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тіледі. Иығына шапан жабылды.

Қазақстан туралы ештеңе білмеппін. Бірақ мен шытырман оқиғаларды ұнатамын. Жаңа адамдарды, жаңа мәдениетті зерттегенді жақсы көремін. Ел қатты таңғалдырды, – деп бөлісті ол өз әсерін.