Тоқтар Серіков 4 ұлына 4 үйір жылқы ұстап отыр
Оған қоса ауылында төбет пен тазылары бар
Әнші Тоқтар Серіков «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында қазір 4 ұлында 4 үйір жылқы бар екенін айтып мақтанды.
Жалпы, осы сұхбат барысында жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева отбасы, бала тәрбиесі, өнер, мал шаруашылығына қатысты әңгіме өрбіткен болатын.
Тоқтар Серіков өзінің кіндігі ауылға байланғанын, ұлдарын да туған жеріне жиі апарып тұратынын айтып, олардың 4 үйір жылқы, төбет пен тазы асырайтынын жеткізді.
Ауылымда шаруашылығым бар. 4 ұлыма 4 үйір жылқы жібергенмін. Олар өз айғырларын жақсы таниды, жылқының санынан да жаңылмайды. Мұны байлық үшін деп емес, «Мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой, осы жердің иесі екенмін ғой» деген тәрбие деп түсінген жөн, - деді әнші.
Сондай-ақ ол қарызсыз қазақ жоқ екенін алға тартып, өзінің де бір азаматтарға қарызы бар екенін, өзіне де көп адамның берешек екенін жасырмады.