Қытайлар ит-мысықтарына дейін өз тамағына ақша табуға үйретіп тастаған
Олар жұмысқа толық немесе толық емес күнге шыға алады
Қытайлықтар үй жануарларын жұмысқа жіберіп қойып, табыс табуды үйреніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz Moneycontrol порталына сілтеме жасап хабарлады.
Ол елде қазір ит-мысықтар өз тағамдарына өздері ақша табады. Олардың арнайы «котокафе» мен «пескокафеге» жіберілетіні белгілі болды. Кафелерге барып-келушілер онда үй жануарларын тамашалайды. Келушілер кафедегі жануарларды ұстап, сүйсіне алады.
Жануарлардың иелері үшін бұл әдіс ақша үнемдеудің жақсы нұсқасы болып отыр. Өйткені үйде жалғыз қалған жануарларға қатты ыстық болғандықтан жазда желдеткіш қосуға тура келеді. Тиісінше, электр энергиясына төлемдер де өседі.
Қытайдағы мұндай кафелердің тенденциясы Zhuan lingshi qian деп аталады. Бұл «тіскебасар үшін ақша табу» дегенді білдіреді. Жануарлар жұмысқа толық немесе толық емес күнге шыға алады. Содан кейін түнде иелері сияқты үйлеріне оралады.