Жексенбі күні Алматыда ауған тауарларының көрмесі ашылады

Жексенбі күні Алматыда ауған тауарларының көрмесі ашылады gov.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 қазан, 2024

Іс-шара үш күн бойы өтеді

20 қазанда сағат 15:00-де Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында ауған тауарларының көрмесі ашылады.

Көрмеде кілемдер, зергерлік бұйымдар, құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, көкөністер, жемістер мен азық-түлік өнімдері ұсынылады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42.

Көрменің жұмыс уақыты:

  • 20 қазан: 15:30-18:00;
  • 21-22 қазан: 10:00-17:30.