Мемлекет Қостанай облысындағы шаруаларға 40 млрд теңге қарыз

Мемлекет Қостанай облысындағы шаруаларға 40 млрд теңге қарыз bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 қазан, 2024

Фермерлер жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады

Қостанай облысындағы шаруаларға мемлекеттің 40 миллиард теңге қарызы бар.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беретін қарыз көлемі күн сайын өсіп жатыр. Шаруарлар 24 пайызбен алған несие үстемақысының 17 пайызын мемлекет субсидиялауға тиіс. Алайда олар сол 24 пайызбен толық өтеп жатыр.

Фермерлер жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады. Олар «ҚазАгроҚаржы» корпорациясынан лизингке алған техникаларын қайтарып беруге мәжбүр немесе мемлекет субсидияны толық өтеп болғанша, банктерден алған несиелерінің үстемақысын тоқтата тұруды сұрайды.

Уәде беріп жатыр. Алайда әзірге не министрлік, не ауыл шаруашылығы басқармасы қашан төленетіні туралы нақты айта алмайды. Сондай-ақ шаруалар өтінімдерді қарау мерзімін 10 күнге дейін ұзартуды сұрайды. Біз олардың өтініштерін Ұлттық палатамен бірігіп хатқа түсіріп, жоғары жаққа жолдадық, - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Анастасия Кудрина.