«Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз» - Өскемендегі өрескелдік

«Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз» - Өскемендегі өрескелдік Instagram
bai-bol.kz bai-bol.kz | 12 қазан, 2024

Бұл жарнама Өскемен қаласындағы Өтепов көшесі, 27-үйде ілінген

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Өскемен қаласында ілінген сәтсіз жарнаманы сынап, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінен шара қолдануды талап етті.

Өскемендегі сұмдық: «Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз» деген жарнаманы қараңызшы. Елді дүр сілкінткен Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырған жоқ па?! Қайдағы жарқын өмір, бүгініміз қорқынышқа, ертеңіміз белгісіздікке толы болса?! Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің назарына! Мынадай жарнамаға жол берілмеуі керек. Қай заманнан бері сыра қайнату бізге жарқын өмір сыйлаған? Керісінше, өмірмен қоштасып жатқандар жетерлік. Бұл жарнама Өскемен қаласындағы Өтепов көшесі, 27-үйде ілінген. Шұғыл шара қолдануды сұраймын, – деді депутат. 

Айта кетсек, Талғарда дүкеннің алдында төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, дүкеннен сыра алған тұтынушы ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған.