Әпкесінің бір-бір қой-ешкісін ұрлаған әйел 5 жылға сотталып кетті
Жазасын өтеу үшін сотталғандар Семейдің түзеу мекемесіне қамалды
Абай облысының тұрғыны ат қораға келіп, малды түгендеу кезінде қорада 1 қой мен ешкі жоқ екенін анықтаған. Сол арқылы әйелге жалпы сомасы 100 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Кейін малды оның екі туысының ұрлап әкеткені анықталды. Олардың бірі жәбірленушінің сіңлісі болып шықты. Сот оларды кінәлі деп танып және әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жазасын өтеу үшін сотталғандар Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне келді. Олар жұмысқа орналастырылды. Әпкесіне келтірілген материалдық залал толығымен өтелді, – деді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Абзал Жанаспаев.
Сотталушы жасаған қылмысы үшін өкініш білдірді.
Мені үйде кәмелетке толмаған 3 балам мен жұбайым күтіп отыр. Мекеме қызметкерлері менімен тәрбиелік сипаттағы әңгімелер өткізді. Апайым мені кешіріп, қазір екеуіміздің қарым-қатынасымыз жақсарды, – деді сотталған әйел.