Әйгілі рэперге шапан тіккен дизайнер Баян Алагөзоваға 50 пайыз жеңілдік жасаған

Әйгілі рэперге шапан тіккен дизайнер Баян Алагөзоваға 50 пайыз жеңілдік жасаған Instagram
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 қазан, 2024

«Кешьюдің» образдарына жоба ретінде бір тиын алған жоқпын, - дейді

Танымал дизайнер Аида Қауменова әлемге әйгілі рэпер Снуп Догқа шапан тіккен кезді еске алды. Ол сол кезде «Кешью» тобына да костюм дайындаған, дегенмен трионың киімі үшін ешқандай ақша алмаған.

Аида Қауменова құрбысы Баян Мақсатқызымен бірлескен жобасы туралы «Сырласу» бағдарламасында айтты.

Біз Баян Алагөзовамен бірге әлемдегі ең әйгілі рэпер Снуп Догқа шапан, бас киім тіктік. Одан бөлек, «Кешью» тобына да киімдер тіктім. Баянға 50 пайыз жеңілдікпен жасап бердім. Тура Жаңа жыл уақыты еді. Демалысқа кеткен команданы қайта жинап, тез-тез жасадық. Ал «Кешьюдің» образдарына жоба ретінде бір тиын алған жоқпын. Біз доспыз ғой, мен Баянның қалай ойланып, қобалжып жүргенін көрдім. Солай өзім ізденіп, киім дайындадым. Баян көргенде бір ауыз артық сөз айтпады, тек «өте әдемі» деді, - дейді дизайнер.

Жалпы, Аида Қауменова мұндай танымалдылыққа оңай жеткен жоқ. Тағдырлы адам. Айтуынша, ол кәсібін алғаш жертөледен бастаған. Сондай-ақ екі некесі де сәтсіз болған.