Жахан Отарғалиевтің кинодан тапқан 890 млн теңгесі өзіне бұйырмаған

Жахан Отарғалиевтің кинодан тапқан 890 млн теңгесі өзіне бұйырмаған видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 қазан, 2024

Бәрі кинодан ақша көп табады деп шатасып жатыр, - дейді ол

Актер Жахан Отарғалиев алғаш түсірген киносынан қанша табыс тапқанын ашып айтты. Тырнақалды туындысы тәуір табыс түсіргенмен, өзіне тек 50 миллион теңгесі ғана бұйырған.

Бұл ретте актер кино түсіру арқылы қыруар қаржыға кенелуге болатынын жоққа шығарып отыр.

Бірінші киномнан 890 млн теңге таптым. 50 пайызын кинотеатр алып қалады. Салық, дистибьютерлердің пайызы, тағы басқа шығыны бар. Соңында таза өз қалтама 50 миллион теңге ғана түсті. Бәрі кинодан ақша көп табады деп шатасып жатыр. Мысалы, менің енді түсіретін туындым таза өнер үшін болады. Халыққа ой салып, бір нәрсе айтқым келеді. Сол үшін түсірмекпін, - дейді Жахан Отарғалиев.