Елде қай өңір тұрғындарының көп табыс табатыны белгілі болды
Табысы ең төмен өңір – Түркістан облысы
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғындардың ақшалай кірістерін есептеді.
Бюро мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 204 963 теңгені қамтыған. Бұл – 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, 12,6% артық. Осы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (8,5%) есепке алғанда, халықтың ақшалай кірісі нақты мәнде 3,8% өскен.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні екінші тоқсанда Атырау облысында тіркелді. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есе дерлік асып түсіп, 383 171 теңгені қамтыды. Екінші орында Алматы қаласы тұр. Онда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының деңгейі 297 188 теңгені қамтыды. Үшінші орында – 278 117 теңге көрсеткішпен Маңғыстау облысы.
Табысы ең төмен өңір Түркістан облысы – 119 753 теңге.