Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 миллион теңгеге сатпақ болған
Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ақтөбеде өзінің ағзасын 9 миллион теңгеге сатпақ болған азамат ұсталды. Оның ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін облыстық прокуратура мәлім етті.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында E. есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды. 25 қыркүйект прокуратураның бастамасымен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 миллион теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақ болған E. есімді азаматты ұстады, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігімен («Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.