Елімізде несие алушылар азайды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 27 қыркүйек, 2024
Жеке азаматтардың берешегі 22 трлн 300 млрд теңгеден асады
Елімізде несие алушылардың саны азайған, деп хабарлады «Қазақстан» телеарнасы.
Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге 3,5 миллионнан аса несие рәсімдеген. Бұл – шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, 10 пайыз төмен. Тіпті, былтырғы сәуір айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.