Әсел Сәдуақасованың бір күндік образы – 134 806 000 теңге!
Ол ресейлік блогерге супержұлдыз болудың қыр-сырын үйрену үшін 34 млн теңге төлеген
Елдегі шоу-бизнес өкілдерінің бренд бұйымдары арқылы контент қалыптастырған блогер Жансая Махабаева әнші, актриса Әсел Сәдуақасованың образын есептеді.
Блогер актрисаның бір кешке киген киімін 134 миллионға бағалады.
Әсел Сәдуақасованың кешкі іс-шараға киген киімдері мен әшекейі қанша теңге тұрады деп ойлайсыз? Мен талдап, айтып берейін. Көйлегінен бастайық. Қара көйлектің бағасы – шамамен 321 мың теңге. Ал мына сөмкесі – қолтырауынның терісінен жасалған Kelly Cut Noir Crocodile Porosus Lisse. Бағасы – 19 250 000 теңге. Аяқ киімінің өзі – 559 мың теңге, – деді блогер.
Оның айтуынша, актрисаның әшекей бұйымдары да өте қымбат тұратын көрінеді.
Ең қызық әрі қымбат тұсы – әшекейлер. Breguet брендінің гауһартастармен безендірілген сағаты 18 266 000 теңге болса, ақ алтыннан жасалған, гауһартастармен көмкерілген Cartier Live Bracelet 27 538 000 теңге тұрады. Сонымен қатар, сапалы гауһартастан жасалған Graff брендінің білезігі – 37 437 000 теңге, осы брендтің сақинасы – 5 775 000 теңге. Алқасы шамамен 4 300 000 болса, жүзігі 21 389 000 теңге тұрады. Барлық образ бағасы – 134 806 000 теңге, – деді Жансая Махабаева.
Одан бөлек, қазір Әсел Сәдуақасова ресейлік блогерге 34 миллион теңге төлеп, одан супержұлдыз болудың қыр-сырын үйреніп жүр.