СҚО-да кәсіпкерлерді заңсыз тексерген шенеуніктер жауапқа тартылды
Жыл басынан бері өңірде барлығы 270 кәсіпкердің құқығы қорғалған
Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер органдарының қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны анықталды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Петропавл қаласы мен Есіл, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандары мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды қызметкерлері Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қарамастан, кәсіпкерелрге салықтық тексерулер жүргізген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір айыппұлдар толық төленді. Салықтық тексерулер заңсыз деп танылды және жойылды.
Айта кетсек, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура органдарының қадағалау шараларымен барлығы 270 кәсіпкердің құқығы қорғалған.