Астаналық полицейлер алаяқтарға алданбау алғышарттарын түсіндірді
kulacoglu.av.tr
bai-bol.kz | 21 қыркүйек, 2024
WhatsApp мессенджеріне заңсыз кіру фактілері жиілеген
Астанада 3 200-ден аса интернет алаяқтық тіркеліп, 540 қылмыстық құқықбұзушылық ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта WhatsApp мессенджеріне заңсыз кіру фактілері жиілеп кеткен. Олар зардап шеккендердің атынан қарызға ақша сұрап, басқа адамның банк шотын көрсетеді.
Қаскүнемдердің WhatsApp жеке аккаунтына зиянды сілтеме жіберетіні, оны ашқан астаналықтардың есептік жазбасына қашықтан кіре алатыны анықталды.
Осыған байланысты полицейлер азаматтарды ұтыс ойынының жүлделері, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігін ескертеді. Сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге шақырады.