Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Астанадан да бір-бір пәтер иеленді

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Астанадан да бір-бір пәтер иеленді дереккөз
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 қыркүйек, 2024

Ал Әбиба Әбужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды

Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев Instagram-дағы парақшасына жазды.

Салтанатты шараға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенттері, бас хатшы, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы қатысты.

Сонымен, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді.

Сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-орынға тұрақтаған Әбиба Әбужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды.

Спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың әрбір жаттықтырушысына, ғылыми-кешенді топ өкілдеріне тиісті дәрежеде құрмет көрсетілді.