«ҚазТрансОйлдың» 7 басшысы былтыр 426 млн теңгеден аса сыйақы алған
Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы кіріс 151 млрд теңгені қамтыған
«ҚазТрансОйл» топ-менеджменті 2023 жылы сыйақы ретінде 426 553 025 теңге алған.
Компанияның басқарма құрамы 7 адамнан тұрады. Бас директоры – Арман Қасенов, өндіріс жөніндегі орынбасары – Темірхан Әбдіров, көлік жөніндегі орынбасары – Эрик Сағиев, экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Әміржан Оспанов, корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары – Алмас Оңғарсынов, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры – Жайдарман Исақов, әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры – Ғазиз Қошанов.
Инвесторлармен байланыс қызметінің мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы кіріс 151 млрд теңгені қамтыған. Бұл – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, 10,3% артық. Алайда таза пайда 3,9%-ға азайып, 19,5 млрд теңгені қамтыды.
Тек «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қаржылық нәтижелерін қарастыратын болсақ, оның кірісі – 126 млрд теңге. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 13%-ға жоғары. Кәсіпорынның таза табысы 164,3% өсіп, 22,9 млрд теңгеге жетті.