«Тойымыз карантин кезінде 6 адаммен өтті»: Тамара Асар да мәһрге көлік сұраған
Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым, - дейді
Әнші Тамара Асар Instagram-дағы парақшасына осыдан 4 жыл бұрын пандемия уақытында тұрмысқа шыққанын айтып, мәһрге көлік сұрағанын бөлісті.
Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін ол өзінің тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды.
Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін Бапасы (жолдасым) «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім, – дейді Тамара Асар.
Осы орайда ол тойының карантин уақытында өткенін айтып, мәһрге не сұрағанын да жасырмады.
Біздің тойымыз карантин кезінде 6 адаммен өтіп еді. Құдалыққа 5 адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Жолдасым өзі білмесе де білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін, – деп жазды әнші.