Биыл әуе билеті қымбаттай ма? - вице-министр жауап берді

Биыл әуе билеті қымбаттай ма? - вице-министр жауап берді opennews.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 23 тамыз, 2024

Қазақстандықтарға билетті ертерек сатып алуға кеңес берілді

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе билеті қандай себептерге байланысты қымбаттайтынын айтты.

Жалпы тариф өзгермеді. Ол әртүрлі элементтен тұрады. Ең бастысы – жанармай. Бүгінде қазақстандық зауыттар өндіретін жанармай (авиакеросин) жетпей жатыр. Сондықтан импорт жағынан бағаның өсу-өспеуі маусымға байланысты. Ол бағаға әсерін тигізеді. Тарифтің өзі өспейді, оған күнделікті факторлар әсер етеді, – деді вице-министр.

Сол себепті ол қазақстандықтарға әуе билетін ертерек сатып алуға кеңес берді. 

Билеттерді алдын ала алған дұрыс. Біздің мәліметімізше, бүгінде жолаушылардың 52%-ы әуе билетін 2 апта бұрын сатып алады. Егер одан бұрын алсаңыз, әуе билеті арзан болады, - деді ол.