Ұлыбританияның ең бай адамы яхтасымен қоса суға батып кетті
Қызы Ханна екеуінің денесі Италия жағалауынан табылды
«Британдық Билл Гейтс» деген атпен танымал техномагнат Майк Линч Сицилия жағалауында мінген яхтасы апатқа ұшырап, жоғалып кетті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Оның 56 метрлік Bayesian яхтасы 19 тамызда торнадоға тап болып, Палермо маңында батып кеткен. Оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам хабар-ошарсыз кеткен еді. Іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Яхтада 22 адам болған, оның ішінде Линч пен оның зайыбы Ангела Бакарес те бар. 15 адам құтқарылды. Яхта 50 метр тереңге батып кеткендіктен, құтқарушылар су астында да, бетінде де жұмыс істеп жатыр.
Линч жақында АҚШ-та Autonomy компаниясын Hewlett-Packard-қа 11 млрд долларға сатуына қатысты сот ісіндегі жеңісін атап өткен болатын. Ол Ұлыбританияның екі премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған және «Британдық Империя» орденімен марапатталған.
Кеше жоғалып кеткен Майкл Линч пен оның қызы Ханнаның денесі Италия жағалауында батып кеткен яхтаның ішінен табылғаны хабарланды.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 7 тамызында Неаполь жағалауында 2 миллиардердің яхтасы соқтығысқан болатын. Олар – Стив Джобстың жесірінің құны 120 миллион доллар болатын және мексикалық Рикардо Салинас Плиегоның құны 125 миллион доллар болатын яхталары. Салдарынан ешкім құрбан болған жоқ.