Тауман Назарбаев Монте-Карлодағы байлығымен мақтанды (ВИДЕО)

Тауман Назарбаев Монте-Карлодағы байлығымен мақтанды (ВИДЕО) видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 14 тамыз, 2024

Қымбат көлік, яхтасы мен жеке ұшағын да көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауманның Монте-Карлода көлікпен жүйіткіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы maitanov_online Telegram арнасы хабарлады.

Видеода Назарбаевтың Дубайда оқып жатқан ұлы қымбат көлікпен аса қатты жылдамдықпен жүйіткіп қана қоймай, яхтасы мен жеке ұшағын да мақтана көрсеткен.

Қазақтар шаң жұтып, кредитке белшеден батып жүргенде, Назарбаевтың ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы әкесінің халықтан жымқырған ақшасын Монте-Карлода шашып жүр, - делінген жазбада.

Еске сала кетсек, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Менің өмірім» атты кітабында екінші әйелі Әсел Құрманбаева деген қауесетті растап, оның екі ұлды дүниеге әкелгенін айтқан болатын.