«Барлығына өз күшіммен жеттім». Дина Төреәлі алғашқы миллионын 17 жасында тапқан
Ағам танымал әнші, ата-анам тауып береді деп отырмадым, - дейді ол
«Ағасының арқасында көтерілді» деген қауесеттен шаршаған Дина Төреәлі өзінің табысты болуының сырын ашты.
Иә, бәрі мені «байдың қызы», «күйеуі асырайды» деп ойлайды. Бүгін нүктесін қойғым келеді. «Әкенің малы балаға мал болмайды» – менің ұстанымым. Отбасымызда ағам да, әпкем де, мен де өз жолымызды өзіміз таптық. Ата-анамыз бағыт-бағдар беріп, қолдап отырды, ең жақсы тәрбиені берді. Бірақ олардың табысына қарап отырмадық. Бүгінде жеке кәсібім, жылжымайтын мүліктерім, табыс әкелетін блогым бар. Барлығына әуелі Алла, кейін өзімнің күшіммен жеттім. Әрине, басында қорқыныш болды. Бірақ өзіммен жұмыс істеу арқылы оны да шештім. Үйімнің кенжесі болсам да шет елге шығуға, кәсібімді бастауға, курстар алуға, дамуға ешкімнен ақша алмағанмын, – деп жазды блогер.
Сонымен қатар ол алғашқы миллион теңге табысын 17 жасында тапқанын айтып берді.
Дина Төреәлі бай отбасынан шыққан деген сөзді көп естідім. Күйеуге шыққаннан кейін «күйеуі асырайды екен» деген әңгіме тарады. Жасырмаймын, мен туғанда отбасымның жағдайы жақсы болды. Қанаттыға қақтырмай өсірген ата-анама рақмет. Бірақ ешкім менің 16 жасымнан бастап жұмыс істегенімді білмейді. Осы күнге дейін бірнеше рет кәсіп бастағанымды білмейді. Алғашқы миллион теңгемді желілік бизнестен тапқанмын. Ол кезде жасым 17-де болатын. «Ағам танымал әнші», «Ата-анам тауып береді» деп отырмадым. Шетелге саяхат, бренд заттарды өзім алуға ұмтылдым. Әпкем екеуміз жеке парақшаны кеш аштық. Өйткені рұқсат болмады. Енді сол арқылы блог жүргізіп, ақша таптым, – деді Дина Төреәлі.