Қыран Талапбек әзербайжандық байдың зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Қыран Талапбек әзербайжандық байдың зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО) akwatoria.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 27 шілде, 2024

Бұл – SeaBreeze-дегі үйге ең эксклюзивті шолу

Блогер әрі мобилограф Қыран Талапбек Instagram-да Әзербайжан әншісі, кәсіпкер Эмин Агаларовтың қалай өмір сүріп жатқанын танытатын видеомен бөлісті.

Бұл – SeaBreeze-дегі үйге ең эксклюзивті шолу. Масштабтары мен оның қиялы мені таңқалдырды. Бар болғаны 30% көрсете алғаныма бір ғана Reels жетпеді. Екінші бөлімді жасаймыз ба? - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары да бай әншінің үйін көріп, аң-таң. Олардың бірі «Тіпті шейхтер мұндай үйде тұрмайтын шығар» десе, екіншісі «Тым үлкен, сәл ішіңді пыстырады екен, ешкім жоқ, бос жатыр» деп ұнатыңқырамады. Соңғы пікірді тағы бір оқырман «Мына кеңістікті толтыру үшін енді көп бала қажет болады» деп толықтырды.

Кім не десе де үйдің озық сән-салтанаттан кенде емес екені көрініп тұр. Ал Қыран Талапбекке келсек, ол осы әзербайжандық әнші және кәсіпкер Эмин Агаларовтың жеке мобилографы болған.