Алматыда алаяқ үлескерлерден 290 млн теңгені алдап алған
akwatoria.ru
bai-bol.kz | 25 шілде, 2024
Ол 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды
Алматыда 34 үлескерді сан соқтырып, 290 миллион теңге жымқырған алаяқ қолға түсті. Ол 2022 жылы әлеуметтік платформаларда құрылысқа рұқсаты болмаған тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталғаны туралы жарнама жариялап, бірнеше үлескерді құрығына түсірген. Айласын асырған алаяқтың қылмысы әшкере болып, темір торға тоғытылды.
Азамат К. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылатын болады, - деді қалалық прокуратураның аға прокуроры Райымбек Шәріпбаев.