Жахан Отарғалиев халықтан жинаған 44,5 млн теңгеге үй алды (ВИДЕО)

Жахан Отарғалиев халықтан жинаған 44,5 млн теңгеге үй алды (ВИДЕО) Instagram/zhahan_utargaliyev
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 шілде, 2024

Осынша қаржыны олар 3-ақ күнде жинаған

Актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп, үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинап, үй алды.

Ол Instagram-ға сол туралы видео жариялап, сүйінші сұрап, халыққа алғысын айтты.

Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз? - деген қайырымдылық топ жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан.

Айта кетсек, Жахан Отарғалиев қазір мұқтаж жандарға баспана сыйлау бойынша қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысып жүр.