Елімізде жалақыға дейін қарыз сұраушылар көбейген
Онлайн қарыз беруші ұйымдардың да қатары артып келеді
Елімізде жалақыға дейін қарыз алғандар көбейген. Қарыз алушылардың басым бөлігі – 40 жасқа дейінгі азаматтар.
Бірінші кредиттік бюроның талдау орталығы FCB Media Day конференциясын өткізіп, 2023 жылдағы несиелеу нарығының қорытындысын жариялады. Компанияның мәліметінше, былтыр елде ипотекалық несиелеу баяулап, қарыз беру көлемі жылына 17,3%, 1,8 трлн теңгеге дейін, ал беру саны 19,2%, 116,6 мың бірлікке дейін төмендеген.
Бір жыл ішінде ипотека алғандардың шамамен 5/1 бөлігі - жастар. Қарыз алушылардың үлесі бір жыл ішінде 30 жасқа дейін өзгерді. Ал қарыз берудің медианалық сомасы 13 млн теңгені, орташа сомасы 15 млн теңгені қамтыды, - деп хабарлады бюро.
Айта кетейік, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ипотекалық несиелер портфелі 5,8 трлн теңге болған. Бұл – былтырғымен салыстырғанда, 11,3% жоғары көрсеткіш.
Ипотекалық несиемен қатар, қазақстандықтардан несие карталарына деген сұраныс азая бастаған. Мәселен 2022 жылмен салыстырғанда, несиелік карталарды берудің жалпы сомасы 32,2%, 192,4 млрд теңгеге дейін қысқарған. Есесіне автонесиелеу рекордтық көрсеткішке жеткен.
2022 жылмен салыстырғанда, берілген қарыздардың жалпы сомасы 2 есеге жуық. Дәлірек айтқанда, 81,5% (708,5 млрд теңге), 1,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бұрын-соңды болмаған жоғары қарқын қарыз алушылардың белсенділігінің артуына байланысты қалыптасты, - деп атап өтті Бірінші кредиттік бюро.
Сонымен қатар елімізде жалақыға дейін онлайн қарыз рәсімдеу көрсеткіші артқан. Бұл жерде мәселе 45 күнге 50 АЕК мөлшеріне дейін (2023 жылы 172,5 мың теңгеге дейін) берілетін шағын несиелер туралы айтылып отыр.
Берілген сома жылына бірден 102,6% – 790 млрд теңгеге дейін, беру саны 72,5% – 13 млн бірлікке дейін ұлғайды. Жыл ішінде берудің медианалық сомасы 50 мың теңгені қамтыды. Бір жыл ішінде берілген көлемнің көп бөлігі 40 жасқа (72%) дейінгі адамдарға тиесілі, - деді бюро өкілдері.
Онлайн қарыз алушылармен қатар, қарызды беруші ұйымдардың да қатары көбейген. 2021 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 44 болса, 2024 жылы 79-ға жетті.