Маскалы жігіт такси жүргізуден қажыған әйелге пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Маскалы жігіт такси жүргізуден қажыған әйелге пәтер сыйлады (ВИДЕО) видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 1 желтоқсан, 2024

Бұл жұмыс, тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр, - дейді шарасыз әйел

Көпшілікке «Человек в маске» лақап атымен танымал жігіт такси жүргізушісі болып жүрген әйелге пәтер сыйлады.

Жалғызбасты ананың 3 баласы бар. Айтуынша, ол астындағы көлікті 7 жылға несиеге алған. ДЦП, эпилепсиямен ауыратын кіші ұлын оңалту курстарына тасиды екен.  

Кіші ұлым жүре де, сөйлей де алмайды. Қазір жасы 8-де. Оңалту курстарына, массажға тасимын. Бір жағынан баламмен бірге таксиге шығамын. Машинаны 7 жылға несиеге алғанмын. Өйткені біз қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Ол жаққа жедел жәрдем өте ұзақ жүріп келеді. Мен бұлай такси болып жүргім келмейді. Бұл жұмыс, тіпті, еркектердің өзіне өте ауыр. Шаршадым, қазір тіпті не істерімді білмеймін. Өмір сүргім келмейді десем де болады, - дейді әйел.

Сондай-ақ блогер жалғызбасты анаға қарызын жабу үшін және баланың еміне қомақты қаржы табыстады.