Перизат Қайраттың қоры халыққа «көмектескен» суреттерді арнайы платформадан көшіріп алған

Перизат Қайраттың қоры халыққа «көмектескен» суреттерді арнайы платформадан көшіріп алған коллаж: КазТАГ
bai-bol.kz bai-bol.kz | 21 қараша, 2024

Сондай-ақ әлеуметтік және халықаралық жобаларды іске асыратындарын айтқан

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz қоғамдық қоры халыққа көмек көрсеткен суреттерді Freepik сайтынан алған.

Сайттың басты бетінде қайырымдылық қорының әр аймақтағы табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатқаны жазылған. Веб-сайт ұйымның мақсаттарын егжей-тегжейлі көрсетеді.

Тіпті, Перизат Қайрат бастаған топ су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарының тұрғындарына көмек көрсетілетінін жазған. Сондай-ақ әлеуметтік және халықаралық жобаларды іске асыратындарын айтқан. Дегенмен бұл әрекеттер көрсетілген суреттер түпнұсқа емес, көшірілген екені белгілі болды.

Freepik сайтында дәл сол суреттер жүр. Қайырымдылық көмек көрсетілген бейнеде «Біз не істеп жүрміз?» деп жазылған. Халықаралық жобаларда еріктілердің қорап ұстаған суреттері көрсетілген.