Биыл Сауда министрлігіне тұтынушылардан 42 мың шағым түскен

Биыл Сауда министрлігіне тұтынушылардан 42 мың шағым түскен bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 қараша, 2024

Олардың құқығын қорғауға тиіс болған бұрынғы заң жұмыс істеген жоқ

Сауда министрлігіне 9 айдың ішінде халықтан 42 мың шағым түскен. Бұл туралы AMANAT партиясында өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы Мәжілісте бірінше оқылымда мақұлданған. Қазір 106 ұсыныс қабылданып, тағы біраз ұсыныс қаралып жатқан көрінеді. Ал депутаттардың айтуынша, көбіне сатушылар немесе қызмет көрсетушілер тұтынушылардың құқығын өздері бұзады.

Өкінішке қарай, тұтынушылардың құқығын қорғауға тиіс болған бұрынғы заң жұмыс істеген жоқ. Тұтынушыға өз құқығын қорғау қиынға соғатын. Сотқа арыздану үшін ол бірнеше сатыдан өтуге тиіс еді. Процедураны қатты қиындатып тастаған. Тұтынушылардың құқығын қорғау үдерісі сол арыз деңгейінде ғана қалады. Ешқандай механизм жоқ, - деді Мұрат Әбенов.