Әлеуметтік желілердегі «әдемі өмірдің» жарнамасы жастарға зиянын тигізеді - Тоқаев

Әлеуметтік желілердегі «әдемі өмірдің» жарнамасы жастарға зиянын тигізеді - Тоқаев akorda.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 қараша, 2024

Кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр, - деді ол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі «әдемі өмірдің» жарнамасы туралы өз ойын ортаға салды.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі «әдемі өмір» және «успешный успех» культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Сондықтан президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті.

Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен «сәтті жетістік» деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында.

Сондай-ақ ол еңбекқорлық пен жауапкершілік ұлтымызға тән қасиетке айналуға тиіс екенін атап өтті.

Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. «Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасының мәні де осында, – деді президент.

Осы орайда ол жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.