Әнші Бүркіт әйеліне жеке ұшақ сыйлауды жоспарлап отыр
«Халық әртісін» беріп жатса, тек қуанамыз, - дейді ол
Әнші Бүркіт журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында жары Аишаға жеке ұшақ сыйлағысы келетінін айтты.
Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Жасап та жүрмін. Оның көңіл-күйіне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйлағым келеді. Жеке ұшағымның болғанын қалаймын. Ұшқыш болу – бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша «Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін» деді. Маған сенбей тұр. Өйткені ұшақты өзім басқарғым келеді. Соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар, – деді әнші.
Сонымен қатар ол жақында атақ алған әріптестеріне қатысты та пікір білдірді.
Димаштың әңгімесі бөлек. Бүкіл дүниежүзін аралап, концерт беріп жүрген әртіс. Керемет феномен. Сол себепті бұл жерде салыстыруға келмес. «Халық әртісін» алу бізге әлі ерте. Менің ойымша, біз әлі сонша еңбектенген жоқпыз. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Оған мотивация жақсы болу керек. Менің де мотивациям жақсы. «Еңбек сіңірген қайраткерді» алсам да, он жылдан кейін «Халық әртісін» беріп жатса, тек қуанамыз. Әрине, оған дейін жақсылап еңбектенуіміз керек. Жұмыс істеп, көп әндер шығарып, халыққа қызмет етсек, – деді Бүркіт.