Миллиондаған табыс табатын блогерлер тексеріле ме? – министр жауап берді

Миллиондаған табыс табатын блогерлер тексеріле ме? – министр жауап берді bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 қараша, 2024

162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 млрд теңгеден аса сомаға сәйкессіздік болған

Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министріне «Миллиондаған теңге тауып жүрген қазақстандық блогерлердің табысының заңдылығы тексеріле ме?» деген сұрақ қойылды.

Егер олардың кірісі жарнамадан алынса, онда бұл интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ол жарнаманы таңбалауды болжайды. Тиісінше олар біздің органдардың есебінде. Сондай-ақ біз қаржы пирамидаларын құруға қатысты бірқатар проблема көріп отырмыз. Сондықтан азаматтарға қауіп төндіретін барлық нәрсе біздің тиісті органдардың бақылауында. Олар реттейді және бақылайды. Сондықтан мұнда қазірдің өзінде белсенді күрес жүріп жатыр, - деп түсіндірді Аида Балаева.

Еске сала кетсек, биылғы жазда Қаржы министрлігі еліміздегі 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға сәйкессіздік болғанын хабарлаған болатын.